{metadescription}
Оқушыларға ересек адамдарға арналған киімдер үлестірген
Оқушыларға ересек адамдарға арналған киімдер үлестірген

Оқушыларға ересек адамдарға арналған киімдер үлестірген

Пошымы жоқ мектеп формасы! Түркістан облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ересек адамдарға арналған киімдер үлестірілген. Яғни оқушыларға берілген костюм-шалбар мен аяқ киімдердің өлшемі әлдеқайда үлкен. Осыған назданған отбасы бүгін әкімдікке барды. 7 баласын жетектеген ана бюджеттен бөлінген қаржыға кедей-кепшікті келеке қылған шенеуніктерге өкпесін жеткізді. Тіпті тізеге түсетін костюм мен қолқылдаған аяқ-киімді киіп көрсетті.

Балдақсыз жүре алмайтын 1-ші топтағы мүгедек Гүлшат Вафаеваның 10 баласы бар. Оның 7-уі мектеп жасында. Сабаққа киетін киімді мемлекеттің өзі әпереді деген соң биыл білім бөліміне келіп, ұл-қызының өлшемдерін берген екен. Бірақ, 1-ші қыркүйек күні түнде келген киімдерді көргенде қорлыққа шыдамай жылап жібердім дейді. Себебі, мектеп формасының өлшемдері өте үлкен. Осыған назданған ана 7 баласын жетектеп Қазығұрт  аудандық әкімдігіне келді.

Гүлшат Вафаева, көпбалалы ана:

- Қорлық емей не айтыңызшы, 1-ші қыркүйек үшін балдар мектепке бара алмады. Мен 1-ші қыркүйек осы жерде аудандық әкімшілікте өткіздім. Менің бірінші, алғашқы қоңырауыма балам 1-ші сыныпқа баруы керек еді. Анашым, гүл әперіңізші деп. Мына киімдер, яғни киімі болмағаны үшін бара алмады ма?  Иә.

Киімдерді әкімнің өзіне көрсетпек болған еді. Бірақ, аудан басшысы түгілі орынбасарлары да төбе көрсеткен жоқ. Білім бөлімінен келген  шенеуніктің көзінше ұлдарын киіндірді. Сөйтсе костюмдері үлкен. Ал, туфли тіпті қолқылдап тұр. Мектеп формасын әр балаға шақтап беруі тиіс жауаптылар оқушының осылай алқам-салқамы шығып жүргетінін ескермеген. 

Оқушылар формасының оқушылардың өзіне тым үлкен екені айтпай-ақ көрініп тұр. Мысалы, атың кім?  Атабек. Жасың?- 10-да. Қай сыныпта оқисың?  4-ші.-Атабек, костюміңді бола ма?  Мәселен, 10 жасар оқушының костюмі, 4-ші сынып оқушысынан қарағанда ересек маған көбірек келетін сияқты.

Костюм-шалбардан бөлек берілген сумкалардың сапасы да сын көтермейді. Қолға ұстаса бөлшектері сынып жатыр. Ал қыздарына мектеп формасы бұйырмаған да. Салдарынан, киім алмаңдар, мемлекеттен беріледі деген сөзге сеніп, қыздары кеше мектепке спорттық футболкамен барған. Ал, жауаптылар болса бар кінәні ата-аналардың өздеріне арта салды.

Әлия Егізек, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының орынбасары:

- Баланың тізімі бізде болғанда біз оны мердігерге беретін едік сол размерді. Оның үстіне размер жинақтауда да мысалға бір ата-ана басқа жақта жүреді, размерін бер десең мынанша дейді. Оны кейін ауыстырады. Солай болды да бір апта ішінде. Біз басында бұл кісілерге айтқанбыз. Егер кімге келмесе келесіздер біз сол жерде ауыстырып береміз дегенбіз. Бірақ, бүгінгі күнге ондай ата-аналар бізде көп емес.

Киімдердің үлкендігінен бөлек, сөмкелердің сапасына да көңілі толмаған шенеунік ұялған болуы керек әкімдіктен көпбалалы отбасымен бірге киімдерін көтеріп шықты. Сөйтіп, қоймаға барып, өлшемі кең киімдерді шақ келетін костюмге ауыстырып берді. Тіпті жомарттығы ұстап, қыздарға да мектеп формасын алып беруге уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.