Әсел Бисенбаева 7 жылға сотталды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экс-орынбасары Әсел Бисенбаева 7 жылға сотталды. Оған медиктерге бетперде сатып алу кезінде мемлекет мүлкін ұрлады деген айып тағылған еді. Сәуірде басталған істің нүктесін бүгін Бостандық аудандық соты қойды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
02.09.2021
Осылайша, сот шешімі бойынша Әсел Бейсенбаева мемлекеттік сатып алу кезінде 4 млн дана бетпердені 230 млн теңгеге заңбұзушылықпен алған. Бұл істе одан бөлек 5 адам тергелді. Барлығы да 7-7 жарым жыл көлемінде жаза арқалады. Бірақ, Бисенбаева кінәсін мойындамайды. Айтуынша, оның электронды цифрлық қолтаңбасын басқалар пайдаланған. Онлайн қол кою кезінде әкімдікте жиналыста болғаным дәлелденсе де, есепке алынбады дейді. Тіптен, сол кездегі тікелей басшысы Камалжан Надыров оның кетуін талап етіп, артына шам алып түскенін алға тартады.
Әсел Бисенбаева:
- Надыров өзінің электрондық қолтаңбасын мемлекеттік сатып алу порталында қол қоюға бермей қойған. Ал, маған шұғыл жұмысты бітіру керек деп келген әріптесім бәрі заң жүзінде, кепіл боламын дегесін сендім. Ол кезде медицина қызметкерлерін ас-сумен қамту керек болатын. Кейін прокуратура алған бетперделердің талапқа сай келмейтіні анықталды. Мені заңсыз соттады. Ел президентінен құқығымды қорғауын сұраймын! Қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіреміз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!