Төбесі опырылып түскен
Ақтөбеде кәсіпкерлікті дамыту қоры ғимаратының төбесі опырылып түсті. Үйінді астында бес адам қалып қойған. Үстіне тас плита құлаған 33 жастағы қызметкердің жағдайы ауыр. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.09.2021
Сәкен Қапанов, Ақтөбе облыстық Жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері:
- Төбе опырылып төмен түскен. Сол кезде жаңағы қыз балаға үстіне плита ма не басылып қалған дейді. Соның жағдайынан сразу жағдайы өте ауыр кезде жедел жәрдем алып келіп, реанимация бөлімінде ем алып жатыр. Қазір жағдайы ес-түсі жоқ. Комада жатыр.
«Даму» қорына тиесілі ғимарат қазір қоршауға алынған. Мұнда несие берумен айналысатын бес компания жұмыс істейді. Қызметкерлерінен бастап басшыларына да ішке кіруге тыйым салынған. Өйткені, төбенің қалған бөлігі тағы құлап түсе ме деген қауіп бар. Бірер күн бұрын мұнда жөндеу жұмыстары басталыпты. Құрылысшылар төбе жабындысын қалыңдату үшін бірнеше тонна цемент пен құмды шатырға шығарады. Бірақ ауыр салмаққа шыдас бермеген шатыр құлап, қос қабаттың аралығындағы плитаны да қиратқан. Сол кезде ғимаратта тек бес қызметкер ғана айдың қорытынды есебін толтыруға қалыпты. Егер апат күндіз болғанда адам шығыны көп болар еді дейді құтқарушылар.
Айбат Жаңабергенов, Ақтөбе қалалық ТЖБ бастығы:
- Жоғарыға екінші қабатқа жөндеу жұмыстары кезінде құрылыс материалдарын жоғарыға шығарған. Сол себепті шатыр соны көтере алмай құлау негіз болып есептеліп отыр. Осы жұмыстың аяғында болғанына байланысты қайта мына келушілер болмаған. Сол себепті тек қана сол қызметкерлердің болуымен болып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!