КТК-да арнайы репортаж
Елде коронавируспен қатар, осы ауруға қатысты түрлі жансақ пікір әлі тарап жатыр. Жағаның бергі бетінде дәрігерлер өлім мен өмір ортасында жатқан науқастарды сақтап қалу үшін кірпік қақпай арпалысып жатыр. Ал, арғы бетте індетке сенбейтіндер сауық салып, ауру көрсеткішінің көбейюіне тікелей түрткі болып жүр. КТК арнасы алқымнан алған ауруға қатысты боямасыз қоғам өмірі жайлы арнайы репортаж ұсынады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
03.09.2021
- Демалыс қиындау. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бала шағама барғым келеді. Көргім келеді.
Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастардың қыл үстіндегі тағдыры. Ақ халаттылардың күнделікті көрінбейтін кеселмен күресі. Айналасына алаңдамайтын адамдардың әбестігі. Бұл арнайы репортажда ханталапайға түскен қазіргі қоғамның тіршілігі суреттеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!