{metadescription}
Алматыда 45 мың үй жануарына чип салынады
Алматыда 45 мың үй жануарына чип салынады

Алматыда 45 мың үй жануарына чип салынады

Алматыда 45 мың үй жануарына чип салынады. Оның ішінде 28 мың ит пен мысыққа ұрықсыздандыру мен кастрация жүргізілгелі жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы 2024 жылға дейін жоспарланған.  Қалалық ветеринария бөлімі қаңғыбас жануарларға қатысты жаңа жасалған бағдарламамен таныстырды.

Жаңа жоспарда жыл сайын ит пен мысықтарға құтыруға қарсы екпе салынатыны да көрсетілген. Бұған қоса, иесіз жануарларға жасалатын ұрықсыздандыру мен кастрация жылына 2 рет, ақпан және тамыз айында жүргізілмек. Жалпы бағдарлама үй жануарларының санын гуманистік жолмен реттеуге бағытталыпты. Өйткені, олардың көбеюі қаңғыбас иттер мен кезбе мысықтардың санын күн сайын  арттырып отыр. Ал, чип адасқан ит-мысықты үйге қайтаруға және иесін немқұрайлық үшін жауапқа тартуға мүмкіндік береді екен. Осылайша, қала тұрғындарының үй жануарлары туралы барлық дерегі PetControl бірыңғай базасында сақтаулы тұрады. Бұған қоса, олар паналайтын орындарға қатысты мәселе де жаңа жобада қарастырылған.

Әйгерім Жақсылық, Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ветеринария бөлім басшысы:

- Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Оған 51 747 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бағдарлама қыркүйектің ортасында басталады. Алматы қаласында үй жануарларын ұстау мен серуендеу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ерікті жануарлар құқығын қорғаушылар жүргізетін болады. Бұған қоса полиция мен ветеринарлық қызметкерлер бірігіп жануарларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу шараларын қолға алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.