{metadescription}
0:000:00
Ескі үйден көшіруді талап етті

Ескі үйден көшіруді талап етті

«Күл талқаны шыққанын күтіп отыр ма?» Алматының Жетісу ауданындағы бір топ тұрғын осылай шу шығарды. Олар әкімдіктен өздері тұратын ескі үйден көшіруді талап еткенмен, әлі нәтиже жоқ дейді. Атқамінерлер болса, іші де, сырты да шетінен үгітіліп жатқан баспананың күтіміне жауапты емеспіз деп отыр. Жұртшылыққа бұл тығырықтан шығудың жолы бар ма?

- Төбенің өзі мінекей. Жаңбыр болған уақытта осы жерден қорқамыз жүруге. Төбедегінің бәрі құлап, өліп қаламыз ба деп қорқамыз.

Сарғайған жырық төбе. Сықырлап тесіліп жатқан еден. Дариға Құсайынова қай күні бұл үй опырылып ортасына түседі деген ой маза бермейді дейді. Жаңбыр жауса шатырдан су ішке сорғалайды. Күн сауытса кіреберіс түгілі пәтердің іші азынап кететін көрінеді.

Дариға Құсайынова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Елу мемлекеттің қатарына қосыламыз дейді. Қалай, қай жақтан қосыламыз мынадай үйде біз әлі тұрып жатсақ. Біздің үйде сегіз адам тұрамыз. Екі-ақ комнат. Ас үйде душ, ешқандай санитарлық ешнәрсе жоқ біздерде. Қыстың күні жатын үй мүлдем жылымайды.

Бой көтергеніне 64 жылдан асқан бұл үйлердің ішін айтпағанда сыртының сау тамтық жері қалмаған. Қабырғалары қақырап, шетінен опырылып түсіп жатыр. Тек терезелері ғана әзірге сыр бермей тұр. Қатар тұрған екі қабатты үш үйдің де сыйқы осы. Әр қайсында 8 пәтерден. Сатайын десе де өтпейді. Тозығы жеткен үйдің күйін көргендер ойланбай теріс айналады.

Айгүл Әшірманова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қаншама бардық өткенде әкімдікке барып едік, уәде етті міне осылай жасаймыз деді. Қайдағы, өздері айтты дағы инвестор табамыз деп. Шын мәнінде инвестор келмейді бұл жаққа. Өйткені, өздері солай айтты да жауабын.

Шарасыздықтан шулағандарға жергілікті әкімдік өкілі келді. Бос уәдеден шаршадық деп сөзбен шаншығандарды сабырға шақыруға тырысып-ақ бақты. Инвестор болатыны айдан анық, бірақ қай күні екенін нақты айта алмаймынның әләуләйіна салды.

Қуаныш Сейтімбетов, Жетісу ауданы әкімдігі Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бұл жаққа да біз білеміз бұл үйлерді. Біздің тізімде бар. Инвесторларды алып келіп, көрсетіп жатырмыз. Арнайы сараптама болады. Оны тағайындайды. Бұл жерге үй салынады ма, салынбайды ма, ол алған инвестордың өзіне байланысты.

Инвестор табылғанша ең болмаса күрделі жөндеуге көмектес деп тұрғындардың өтініші де жауапсыз қалды. Әкімдік оған жауапты емеспіз деп қысқа қайырды. Енді белгісіз инвестор табылғанша бұл адамдардың өз жыртығын өздері жамауларына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде