{metadescription}
Алматыда тұрғындар үй іргесіндегі құрылысқа қарсы шықты
Алматыда тұрғындар үй іргесіндегі құрылысқа қарсы шықты

Алматыда тұрғындар үй іргесіндегі құрылысқа қарсы шықты

Үй іргесіндегі құрылысқа қарсы. Алматыда тұрғындар көпқабатты үйлеріне жапсарлас құрылыс жұмысын бастағандарға тоқтау салуды талап етті. Олардың айтуынша, заңды белшесінен басқандар аулада төрт қабатты ғимарат тұрғызуға қызу кірісіп кеткен. Алайда жер телімінің сатылып кетуінде де «кінәрат бар» дегендер құрылысқа қалай рұқсат берілгенін білмейміз деп мұң шағады. Енді жапсарлас құрылысқа қарсылық танытқандар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрайды.

Үй іргесінен құрылыс басталғалы тынышы қашқан тұрғындар «баспанымызға кіріп-шығудан қалдық» деп мұң шағады. Тіпті жапсарлас құрылысқа қарсылық танытқандар айнала қазылған орға әлдекім құлап мерт бола ма деп үрейленіп жүр.  Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге төрт  қабатты ғимарат тұрғызу көзделген. Құрылыстың құжатында халыққа қызмет көрсететін орталық салынатыны жазылған. Алайда алаң көңілді жұрт есік алдында көңіл көтеретін орын ашылып, одан сайын сорымыз қайнай ма деп қауіптенеді.

Светлана Козлова:

Осы жерде көлік тұрағы болған. Екі арық жүйесі өтетін. Жасыл желек өсіп тұратын. Құрылыс кезінде барлығы сөзсіз жойылып кетеді. Үш жылдан бері соны дәлелдей алмай жүрміз. Іргеміздегі шағын жер телімін қалай сатып жібергенін білмейміз. 

Наталья Бабешко:

- Өмір бойы осы үйде тұрып келемін. Мұндай бассыздықты бұрын-соңды көрмедім. Қала әкімі үй жанынан жапсарлас құрылыс жүргізуге болмайды деп айтқан. Оны тыңдап жатқан ешкім жоқ. Үй мен құрылыс арасы жарты-ақ метр. Баспанымыздың іргетесі сөгіліп, қабырғасы қақырап кетпесіне кепіл жоқ.

Тұрғындар іргедегі жер телімінің сатылып кеткенін үш жыл бұрын ғана естідік дейді. Содан бері қабат-қабат құжат арқалап талай мекеменің табалдырығын тоздырғандар жанайқайын тыңдайтын жан таппаған. Тіпті түрлі заңсыздықтың бетін аштық деген тұрғындар құрылысқа үзілді-кесілді қарсы.  

Андрей Устинов:

- Заң тұрғысынан келсек, жеке тұрғын үй құрылысына арналмаған жер телімі 3 жыл игерілмей тұрса, кері қайтарылуы тиіс. 2005 жылы сатылған бұл жер телімі қолдан-қолға өтіп жүріп бірнеше жыл бойы бос тұрды. Құрылыс жүргізушілер екі рет сотта жеңілсе де, ісіміз оңға басатын емес.

Ал жер телімі тиесілі жекеменшік компания тарапы қандай да бір пікір білдіруден бас тартқанымен, құжаттары заңды екенін айтады. Тіпті әкімдік өкілдері де құрылысқа құжат жүзінде рұқсат берілгенін мойындап отыр.

Арман Айшуақов, Алмалы ауданы жоспарлау және аумақты үйлестіру қызметінің басшысы:

- Бұл жер телімі азаматтық-құықытық келісім негізінде жеке тұлғаның меншігіне берілген. Нысаналы мақсаты бойынша әкімшілік ғимарт салуға рұқсат етілген. 2019 жылы мемлекеттік қызмет аясында басқармадан құрылыс жүргізу үшін жобалық құжат берілді.

Десе де жергілікті шенеуніктердің сөзіне сенуден қалған тұрғындар жапсарлас құрылысты тоқтату үшін қала әкімінен араша сұрайды. Амалы таусылған ағайын прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне де шағым түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.