Бурабайда 4 әйелді өлтірген қаскөй өмір бойғы бас бостандығынан айрылды
Төрт әйелді асқан жауыздықпен өлтірген 28 жастағы қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бурабай тұрғыны Валентин Штырь марқұмдардың бірімен өзара араз болған соң осындай сұмдыққа барған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
06.09.2021
- Штырь Валентин Михайлович ҚР ҚК-нің 199 -бабы, 1-бөлігінің 1,3,10,13 тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Ол жазасын аса қатаң режимдегі колонияда өтейді. Қанды оқиға былтыр желтоқсан айында Бурабайдағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған. Шырт ұйқыда жатқан 70 жастағы кейуананы 41 жастағы қызымен, сондай-ақ олардың көршісі 43 және 47 жастағы екі әйелді пышақтап өлтіріп, өзі полицияға хабарлаған осы – Валентин Штырь болатын. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет істі болған азамат айғақ зат ретінде қан жұққан пышағын да тапсырған. Оның айуандықпен төрт бірдей адамның өмірін қиюына олардың біріне деген өшпенділігі себеп болғанын алға тартқан. Сотта қаскүнемнің қылмысы дәлелденіп оған аса қатаң жаза кесілді.Бірақ ол кінәсін мойындамай, өзіне жала жабылды дейді.
Валентин Штырь, сотталушы:
- Кінәмді мойындамаймын. Сотта оны дәлелдедім. Бірақ маған жала жабылып тұр. Осылай істеу біреулерге қажет болып тұр.Әділдік сұрап соңына дейін ізденемін. Оны жасаған мен емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!