«Мерседес» бір үйір жылқыны таптап өткен – Жамбыл облысы
Арам қатқан малдың обалы кімге? Жамбыл облысында 12 бас жылқы «Мерседестің» астына түсіп өлді. Бәрінің өлексесі тас жолдың бойында қан-жоса болып шашылып жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
06.09.2021
Қынадай қырылған жылқыны жеңіл көлік таптап өткен. Полицияның мәліметінше, Меркі ауылының тұрғыны малын арнайы өткелден емес, жолдың үстімен үйіне қарай айдап келе жатқан. Сол кезде Таразға қарай жүйіткіген «Мерседес» көлігі үйір жылқыны байқамай екпінмен келіп соғыпты. Көлік жүргізушісі жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір аталмыш іс мұқият тексеріліп жатыр. Ал малдың иесі жылқыларынан айырылып қана қоймай, әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!