{metadescription}
Енді QazVac-тың үнді штамын жеңе алатын қауқары бар
Енді QazVac-тың үнді штамын жеңе алатын қауқары бар

Енді QazVac-тың үнді штамын жеңе алатын қауқары бар

Отандық QazVac вакцинасының құрамы өзгерді. Жамбылдағы биологиялық институт бұрынғы препарттағы "Ухань" штамына қарсы компоненттің орнын "Дельтаға" ауыстырған. Яғни қазақстандық вакцинаның енді үнді штамын жеңетіндей қауқары бар. 

Күнсұлу Закария, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

- Қазақстан аумағында «Дельта» штамы жайылып белең алған кезде Үкімет вирусты жоюға қарсы жұмыстарды қолға алды. Клиникалық зерттеуге дейін препарат жануарларға салынды, жоғары нәтиже көрсетті. Ғалымдарымыз да вакцинаны өздеріне салдырды. Жасалған үлкен тәуекелдер үмітті ақтады.

QazVac вакцинасының құрамын өзгертуде қазақстандық ғалымдар тұмауға қарсы екпе жасаудағы тәжірибелеріне ғана сүйеніпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіспеген де. Мамандар еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне сенім артып отыр. Жақын күндері қайта жасалған препаратты өндіруге ресми түрде рұқсат берілсе, жаңа партия жаңа құраммен жан-жақтағы егу пунктеріне жеткізіледі.

Ең алғаш жасалған QazVac-тың үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеу аяқталған. Оның қорытындысы тек жарты жылдан кейін ғана жарияланады. Алайда бұл вакцина өндірісіне ешқандай әсер етпейді. Бүгінде отандық вакцинаның шамамен бір миллион дозасы шығарылған. Күнсұлу Закария, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

- Бүгінде үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеу аяқталды. Бұл жұмысқа 3 мың адам қатысып отыр. Шілденің соңында клиникалық зерттеудің қорытынды есебі әзірленді. Қазір қорытынды есеп Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр, оның нәтижесі әлі келген жоқ. Дегенмен біздің әзірлеген есепке қарап, алғаш отандық вакцинаны клиникалық зерттеу сәтті жүргізілді деп айтуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде