{metadescription}
Боранқұлдағы мереке екі адамның ажалымен аяқталды
Боранқұлдағы мереке екі адамның ажалымен аяқталды

Боранқұлдағы мереке екі адамның ажалымен аяқталды

Маңғыстау облысында Боранқұл мұнай кен орнындағы жатақхана өртеніп, екі адам ажал құшты. Қайғылы оқиға мұнайшылардың кәсіби мерекесінен кейін болып отыр.

Тілсіз жау таңғы сағат бес шамасында тұтанған. Жатақханада «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлері тұрады. Лезде күш алған өрт екі қабатты жатақхананы түгел шарпыған. Қаңылтырдан жасалған ғимараттың сау тамтығы қалмаған, тек қаңқасы тұр. Оқыс оғиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Ал өрт тұтанғанда жатақханада 10 адам ұйықтап жатқан. Оның сегізі сыртқа шығып үлгерсе, 45 жастағы әйел мен 58 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Екі жұмысшы ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Өрт кезінде екеуі де екінші қабаттан секіріп, қол-аяғын зақымдаған. 1984 жылғы туған жігіт те жарақат алған, қазір аудандық ауруханада хирургия бөлімінде жатыр. Алдағы уақытта оны санитарлық көлікпен Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізіп, екі аяғына ота жасау керек деген болжам бар. Қасындағы 1965 жылғы ол Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.