Тәліптер Ауғанстанның жаңа үкіметін жариялауға дайын
Тәліптер Ауғанстанның жаңа үкіметін жариялауға дайын. Ұйым мүшелері билік құрамымен жақын күндері таныстыратынын мәлімдеді. Алайда оның нақты күні айтылмай отыр.
Автор: Нұрлан Нұрланқызы
07.09.2021
Тамыздың ортасында тәліптер Ауғанстандағы билікті басып алған болатын. Олар тек елдің солтүстік-шығысындағы Панджшер провинциясын бақылауға ала алмай келген. Алайда содырлар кеше бұл елдімекенді де жаулап алғанын мәлімдеді. Осыдан кейін «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдері Ауғанстанда соғыс аяқталғанын жеткізді. Әрі енді елде тұрақтылық орнайды деп сендіріп отыр. Тәліптер көрші мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнатамыз деген үмітте.
Олар Ауғанстанның қалпына келуі мен дамуына қол ұшын созады деп сенеді. Алайда Панджшер провинциясындағы қарсы тарап тәліптердің сөзін жоққа шығарды. Яғни елдімекен талибандықтардың бақылауына өткен жоқ деп отыр. Әрі оппозиция өкілдері өліспей беріспейміз дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!