{metadescription}
Алматылықтар су басқан жерасты жүргіншілер жолынан мазасы кетті
Алматылықтар су басқан жерасты жүргіншілер жолынан мазасы кетті

Алматылықтар су басқан жерасты жүргіншілер жолынан мазасы кетті

Жаңбыр жаумай-ақ су астында қалған өткел. Алматылықтар төбесінен су сорғалаған жерасты жүргіншілер жолының сиқын сынға алып дабыл қақты. Өйткені әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада күн шайдай ашық кезде өткелді су шайып, тұрғындар әрі-бері өте алмай әуре-сарсаңға түскен.   

Тұрғындардың ашу-ызасын тудырған оқиға Абылайхан мен Гоголь көшесінің қиылысындағы жерасты өткелінде болған. Құдды бір жаңбыр төпелеп өткендей төбеден су сорғалап тұр.

Қабырғалары да айтарлықтай бүлінген. Ал әкімдіктегілер келеңсіз жағдайды Абылайхан көшесінің бойындағы арықпен байланыстырады. Себебі: төбесінен өтетін арықпен су толып ақса, жерасты жолы кәдімгідей көлге айналады. Қазір судың қарқынын азайту арқылы адамдардың әрі-бері қатынауына мүмкіндік туып отыр.

Бір қызығы, бұған дейінгі жөндеу кезінде жерасты өткелінің төбесін су өткізбейтіндей етіп қаптау ісі жобаға енгізілмеген көрінеді. «Әзірге нақты себебін анықтап жатырмыз» деген шенеуніктер қашан толық қалпына келтірілетінін дөп басып айта алмады.

Абылай Мәкей, Алмалы ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маманы:

- Қазір біз жерасты өткеліне қызмет көрсететін мердігер компаниямен себебін анықтаймыз. Егер Абылайхан көшесінің бойындағы арықтан су кетіп жатқан болса, асфальттың бетін ашамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде