COVID-19 Алматыда айылын жимай тұр
Вирус жұқтырғандардың көрсеткіші үш күнен бері кеміп келеді. Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, бүгін 3583 қазақстандықтан коронавирус анықталған. Бұл бір апта бұрынғы статистикадан бір жарым есеге аз.
Автор: Асқарбек Қазанғап
07.09.2021
Дегенмен коронавирус әзір әсіресе Алматыда айылын жимай тұр. Оңтүстік астана вирус жұқтыруда антистатистиканың көш басында. Соңғы тәулікте 957 алматылық аталмыш індетке шалдыққан.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысындағы жағдай да көңіл көншітпейді. Пандемия басталғалы 820 479 отандасымыз коронавирус жұқтырды. Оның 728 мыңға жуығы құлан-таза айыққанымен, өкінішке қарай, 9915 науқас бақилық болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!