{metadescription}
Тараз: Өрт сөндіруге барын салған тағы бір жауынгердің жүрегі тоқтады
Тараз: Өрт сөндіруге барын салған тағы бір жауынгердің жүрегі тоқтады

Тараз: Өрт сөндіруге барын салған тағы бір жауынгердің жүрегі тоқтады

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 16 болды. Бүгін денесінің 85 пайызы күйіп ауыр халде жатқан тағы бір әскери қызметкер көз жұмды. Күндізгі сағат он шамасында оның жүрек қағысы тоқтаған.

Ерлан Қырғызәлиев он күнен бері дәрігерлердің бақылауында болды. Бірақ алған жарақаты ауыр болып, ақ халаттылар оның өмірін сақтап қала алмапты.

Ерлан Қырғызәлиев жарылыс болған әскери бөлімнің оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы болған. Оқыс оқиға күні ол тілсіз жауды ауыздықтауға барын салған деседі. Бірнеше мәрте қайталанған жарылыстан қатты жарақат алып, денесінің 85 пайызы күйіп қалған. Он күнен бері дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға барын салды. Туған-туыстары да «беті бері қарайды» деген сенімде болды. Бірақ 38 жастағы жауынгердің бүгін жүрегі тоқтады. Марқұмның артында төрт баласы мен жары қалды.

Сәкен Жұмашев, Тараз қаласы №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Түскен күнен бастап жағдайы ауыр, бірақ тұрақты болатын. Кейін науқасты тексере келе, туа біткен бір ғана бүйрегі бар екен, соның салдарынан алған жарақатты көтере алмай, бүгін жағдайы ауырлап, таңғы сағат 10:30-да қайтыс болды.

Марқұмның денесін тауыстары алып кетті. Ал жарылыстан кейін қаладағы  ауруханаға түскен науқастардың тек біреуінен басқасының бәрі үйіне жіберілген.

Әскери госпитальда 9 адам әлі емделіп жатыр. Жарылыстан зардап шеккен ауылдар қалпына келтірілуде. Жалпы саны 122 нысанға зақым келсе, оның 12-сі кәсіпкерлік, 4-еуі білім ошағы, өзгесі тұрғын үйлер.

Бүгін белгілі болғаны, Жібек Жолы ауылындағы мектеп сүріліп, жаңасы салынатын болыпты. Қайнар ауылының тұрғындары да зақымдалған үйлердің орнына жаңа баспана тұрғызып берсе деп үміттенген еді. Бірақ жұрттың тілегі орындалмады.

Серік Алдахов, ҚазҚСҒЗИ зертханасының басшысы:

- Қайнар ауылында 19 үй бар. Ондағы тек бір баспананы ғана жарамсыз деп тауып, соны сүріп, орнына жаңасы тұрғызылады.  Үш-төрт үйдің қабырғасы ажыраған, олар да мықтап жөнделеді. Ал қалғаны тек қалпына келтіріледі.

Қирандыларды қалпына келтіру екі айдың ішінде аяқталуы тиіс. Ал жарылыстан келген шығын көлемі әзірге белгісіз. Оқыс оқиғаның себебі де әлі айтылмай жатыр.

26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болған, одан 16 адам қаза тапса, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам әлі іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.