{metadescription}
Допты ұршықша иірген қаршадай қазақ қызы – Әмина
Допты ұршықша иірген қаршадай қазақ қызы – Әмина

Допты ұршықша иірген қаршадай қазақ қызы – Әмина

«Ала доппен әлемдік аламанда топ жарғым келеді!» Әлеуметтік желіде танымал алматылық Әмина Бибосынованың ойынына көпшілік тәнті. 15 жастағы жетіншек жақында «Қайрат» футбол клубының қыздар құрамасына қабылданды.

«Футбол қыздардың ойыны емес» дегн қалыптасып қалған ұғымды өзгерткен арудың болашағынан жаттықтырушылары үлкен үміт күтеді.

Көз ілеспес жылдамдықпен қарсыласын қапы қалдырып, қақпаның тоғыздығына добын дөптеген бұл ойыншының машығына лажсыз сүйсінесің. Әмина Бибосынова осыдан үш жыл бұрын кәсіби футболмен айналысуды бастады. Оқу мен жаттығуды қатар тізгіндеген қыз жақында алматылық  «Қайрат» клубының қыздар құрамасының сапын толықтырды.

Әмина Бибосынова:

ЖФК «Алматы» клубынан бастап ойнағанмын. Сосын бізді «Қайратқа» шақырды, бүкіл командамызды. Осы жылы біз Қазақстан чемпионат республикасының сайысында финал турына өттік. Келесі айда финал туры болады.

Допты ұршықша иірген қаршадай қыздың финттары әлеуметтік желіде мыңдаған лайк жинайды. Соңғы үш жылдан бері жастар арасында Әмина үздік бомбардир, үздік шабуылшы аталымы бойынша ешкімге дес бермей келеді. Үйде ұлдан кейінгі қыздың футбол жолын таңдауы о баста ата-анасының таңдасын туғызғанмен, кейін бетін қақпай, белін буған.

Абай Өтепов, А.Бибосынованың әкесі:

- Онша мән берген жоқпыз. Өзі келіп айтқан: «әке, футбол бастасам, футбол ойнасам, шақырып жатыр». Командасы өзі іздеп бізді тапқан. Қабілетіне қарасақ, қазір қыздар футбол командасында ойнап жатыр Қазақстан бойынша. Мектепте жақсы оқиды.

Биыл 10-сыныпқа аяқ басқан Әмина өмір жолын ала доппен байланыстырады. Алға қойған нық мақсаты 0 Қазақстан қыздар құрамасында өнер көрсету. Оған бабы да сай, жігері де жетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.