{metadescription}
Ақтөбедегі халықаралық әуежай арзанға сатылып кетуі мүмкін
Ақтөбедегі халықаралық әуежай арзанға сатылып кетуі мүмкін

Ақтөбедегі халықаралық әуежай арзанға сатылып кетуі мүмкін

Ақтөбедегі халықаралық әуежай арзанға сатылып кетуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары батыстағы әуе қақпасын тым төмен бағалаған жергілікті билікке наразы. Себебі: ақтөбелік шенеуніктер әуежайды 7 жарым миллиард теңге төлеген кәсіпкерге беруге дайын.   

Андрей Линник, Мәжіліс депутаты:

Әуежай халықаралық ірі аэронавигациялық трассада орналасқан. Батыс Еуропа мен Орталық және Оңтүстік  Азияны байланыстыры тұр. Тек Батыс Қазақстан емес, Ресейдің көршілес аймақтарына да жүк жеткізуде. Бес жыл бойы жылына 130 миллион теңге, соңғы  сегіз айда 165 миллион теңге салық төлеген. Қалайша бұл шығыны көп нысын болуы керек?

Депутат Андрей Линник сатылымға қойылған Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың бағасы қандай негізге сүйеніп қойылғанын тексеруді талап етті.  Әуежай аумағында терминал, әкімшілік ғимарат, коммерциялық аумақ, қойма – бәрі бар. Сондай-ақ барлық қондырғысы, инфраструктурасы халықаралық стандарттарға сай. Соған қарамастан  жеті млрд. теңгеге бағаланғанына күмәнданып отыр.

Бәс сауда ертең болады. Ең қызығы, бағалауға жауапты компания Алматыда орналасқан және қызмет құнына небәрі 130 мың теңге сұрапты. Ақтөбелік шенеуніктер әуежайды ұстап тұруға қазынадан әлі ешқандай ақша бөлінбегенін айтады. «Осы күнге дейін тек тапқан табысына күн көріп отыр» деп ақталады. Былтырғы кірісі  300 миллион теңге көлемінде.  

Нұрлыбек Өнербаев, Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы:

- Қазір құны - 7,3 млрд теңгеге бағаланып тұр. Ол бәрі заңға сәйкес. Әрі қарай электронды түрде жүргізіледі. 15 күн өткеннен кейін ол электронды түрде портал өзі анықтайды. Ол 7 миллиардтан жоғары болу керек.Құнын анықтауға екі жерге бердік, бірдей анықтап шықты. Компанияның бағалау лицензиясы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.