{metadescription}
0:000:00
Жаңа пайда болған педагог-ассистенттер немен айналысады?

Жаңа пайда болған педагог-ассистенттер немен айналысады?

Қазақстанда мұғалімдердің көмекшілері пайда болды. Бүгінде сондай педагогтік білімі бар 700-ге жуық маман жұмыстарына кірісіп кетті. Педагог-ассистентер ерекше білім беру қажеттігі бар оқушыларды оқытады. Балалардың мектепке тез бейімделіп кетуіне көмектеседі.

Бұдан басқа, педагогтердің көмекшілері инклюзив білім алатындарға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Оны әр оқушының қабылдауына қарай өзгерте де алады. Ерекше қажеттігі бар баланың дағдыларының дамуын бақылау, қауіпсіздігі мен денсаулығын қадағалау да осы ассистенттердің мойнында. Және мұғалімдердің оң қолы саналатын бұл мамандар 11-сыныпты бітірген түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде көмектесе алады. Олар сынақ кезінде құлағы нашар еститін, көруі төмен оқушылардың қасында тұрып тапсырмасын орындатады. Мектеп қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы  120-130 мың теңгедей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде