Екпе: Тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы ресейлік препарат сатып алынды
Қазақстанда тұмау мен жұқпалы респираторлық вирустық инфекцияға қарсы екпе салу науқанына 2 жарым миллион доза ресейлік препарат сатып алынды. 15-қыркүйекте басталатын науқанға енді «Гриппол +» вакцинасы қолданылады.
Автор: Ербол Тұрымбет
08.09.2021
Министрлік өкілдерінің айтуынша, сатып алынатын доза көлемі жалпы халықтың шамамен 13 пайызын қамтуға жеткілікті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша халықтың кемінде 10 пайызы егілуі тиіс. «Грипполмен» халықтың неғұрлым осал топтары бюджет есебінен тегін егіледі. Ол: балалар, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрғандар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Қалаған адам ақылы түрде де салдыра алады.
Қазақстанда «Гриппол +» вакцинасынан басқа үш өндірушіден шыққан тұмауға қарсы екпелер тіркелген – франциялық, нидерландылық және қытайлық тұмауға қарсы вакцина.
Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
- ҚР аумағында «Гриппол+» бес жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді. Әрі біз оның тиімділігім көріп келеміз. Біздің дәрігерлерімізге де ол жақсы таныс. Нұсқаулығы, қолдану әдістері, сақтау ережесі біздің медицина ұйымдарына өте ыңғайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!