{metadescription}
0:000:00
Енді вакцинаның бірінші бөлігін алған-алмағаны тексеріледі

Енді вакцинаның бірінші бөлігін алған-алмағаны тексеріледі

Вакциналауда жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды. Енді мониторинг топ кәсіпорын қызметкерлерінің Ковид-19-ға қарсы екпенің бірінші бөлігін алған-алмағанын тексереді. Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің мәлімдеуінше, тексеріс бүгіннен басталуы тиіс.

Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге әзірлеген. Тексеру Ashyq қосымшасы арқылы іріктеп жүргізіледі. Ал жұмыс беруші мониторинг топқа екпе алғандар мен вакцина салдырмауға рұқсаты бар қызметкерлерінің тізімін беруі тиіс. «Жасылдан» басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинасыз жұмысқа келуге рұқсат беретін анықтамасы сұралады. Ол: ПТР-тест, медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 8i ай ішінде коронавирустан жазылғандығы.

Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда материал СЭС органдарына жіберіледі. Олар санитария-эпидемиологияға қарсы шара жүргізу туралы қаулы жолдайды.

Ақылбек Смағұлов, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің басқарушы директоры:

- Ең алдымен 50 жұмыскерден астам кәсіпорындар тексеріске ілінеді. Олардың ішінде вакциналауға рәсімі 60 пайыздан төмен кәсіпорындар ғана болады. Заң бұзушылықтардың күшін жоюға уақыт беріледі. Осы уақытта өзінің қызметін сәйкес келтіретін жағдайда қызметін ары қарай жүргізе береді. Бірақ екіден артық тағы да белгіленетін жағдайда әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде