«Желтоқсан ақиқаты»: Сәбираға тиісті құрмет көрсетілуі керек
Сәбираны ұлықтау ұлтқа парыз! Бүгін Алматыда «Желтоқсан ақиқаты» ұйымы қалалық прокуратура алдына жиылып өтініш, тілектерін ортаға салды. Ұйым белсенділері 1986 жылы нақақтан нақақ жала жабылған Сәбира Мұхамеджановаға тиісті құрмет көрсетілу керек деген пікірде.
Автор: Асқарбек Қазанғап
10.09.2021
Қанды желтоқсанда ұлтына жасалған қиянатты көтере алмай өзін-өзі мерт еткен қайсар қыз елі Тәуелсіздік алған соң ақталғанымен, әлі күнге оның атында мектеп те, үлкен қалаларда көше де жоқ. «Сәбира Мұхамеджанованың есімін ел ұмытпауы тиіс» деген Желтоқсан қозғалысының белсенділері Өскемендегі училищеде Сәбирамен бірге оқыған 27 группаласын тапқан. Жақын арада олардың қолы қойылған қағазды прокуратураға тапсырады. «Кейін саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде оны тиісті дәрежеде ұлықтатуға ат салысамыз», - дейді.
1986 жылы Алматыда желтоқсан оқиғасы басталғанда бұл қозғалысқа Қазақстанның бірнеше қаласы да қосылды. Сәбира Мұхамеджанова Өскемендегі жастардың басын қосты, оған «ұлтшыл» деген айып тағылды. Бар-жоғы 16 жастағы намысшыл ару бұл жаланы көтере алмай жатақханасының бесінші қабатынан секіріп мерт болды. Сәбира – Тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі.
Бейсенбай Сайфолла, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының жетекшісі:
- Даниал Ахметов былай айтып тұр: «Егер де біз Сәбираға мектептің атын берейік десек, ашқандай құжат жоқ, оның 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқаны туралы» дейді. Ал біз енді оны – көрде жатқан кісіні, біз қалай сенімхат бер деп, содан кейін бір жарым жылдай жүріп, мына 27 қызға құжат алдым. 0219 Мына қыздарға қол қойғызсам, хаттама толтырамын, соңында Сәбира да қағаз алады. Содан кейін Өскемен қаласы бір қызбен мақтанатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!