Ақтөбе бөлімшесінің Шоқысу бекетінде пойыз апаты болды
Шоқысу бекетінде оқыс жағдай. Жүк пойызына тиелген кран жебесі қозғалып кетіп, жапсарлас тұрған жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондарын зақымдады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
10.09.2021
- Терезелерінің бәрін сындырды. Қанша вагон ...
Апаттан кейінгі көріністі оқиға куәгерлері ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жарыса бөлісіп жатыр. «Қазақстан темір жолы» таратқан мәліметке сәйкес, бұл жайт кеше Ақтөбе бөлімшесінің Шоқысу бекетінде болған. Жолаушылар пойызының терезелері сынған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мәселенің мән-жайы қазір анықталып жатыр. Тексеріс басталып кеткен.
"Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі:
- №77 Алматы-2 - Маңғыстау жолаушылар пойызы локомотивінің шанағы сырылып, буфер шамы бүлінсе, 13 вагонға түрлі зиян келтірілді. Соның ішінде екі вагонның терезесі сынып, тұтқалары жұлынған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен соң қайта жолға шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!