{metadescription}
Елордада ауыс-түйіс жалғасып жатыр
Елордада ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Елордада ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Елордада ауыс-түйіс бүгін де жалғасты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Серікқали Бірекешев тағайындалды.

Бір айдан соң 50 жасқа толатын Бірекешев Павлодар қаласының тумасы. Еліміздің ірі мұнай және газ компанияларында түрлі лауазымды қызметте болған. 2020 жылдың 5-наурызынан бастап экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босаған Серікбай Тұрымов бүгіннен бастап – Сенат депутаты. Облыста талай жыл бірнеше аудан мен Жаңаөзен, Ақтау қалаларының әкімі болған ол 2019 жылдың маусымынан бері Маңғыстау облысын басқарып келген болатын.

Президент Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып қайта тағайындалды. Имашев аталмыш қызметті 2016 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.