{metadescription}
Сүт бағасы 9 жарым пайызға өскен
Сүт бағасы 9 жарым пайызға өскен

Сүт бағасы 9 жарым пайызға өскен

Көштен қалмай, сүт те қымбаттады! Жыл басталғалы оның бағасы 9 жарым пайызға өскен. «Энерджипром» мынадай мәлімет берді.

Қазір дүкен сөрелеріндегі майлылығы екі жарым пайыздық сүттің литрі орта есеппен 254 теңгеден. Ал майлылығы төрт пайыздық сүттің құны 300-теңгеден асады.

Әсіресе Өскемен мен Қарағандыда сүт бағасы баға қатты көтерілген. Өскеменде сүттің литрі орта есеппен 382 теңге тұрса, қарағандылықтар сүт  литрін 357 теңгеге сатып алады. Содан болса керек, ел тұрғындары сүт өнімдерін аз тұтынатын болған.

Былтыр бірінші жартыжылдықта жан басына шаққанда 4 литр сүттен тұтынса, биыл 3,7 литрге төмендепті. Есесіне экспорт көлемі артып келеді. Сарапшылардың есептеуінше, биыл сүт экспорты 19 мың тоннаға жуықтаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде