{metadescription}
Депутаттарды өрт сөндірушілердің жағдайы алаңдата бастады
Депутаттарды өрт сөндірушілердің жағдайы алаңдата бастады

Депутаттарды өрт сөндірушілердің жағдайы алаңдата бастады

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін депутаттарды өрт сөндірушілердің жағдайы алаңдата бастады. Олардың мардымсыз жалақысы, арнайы техникалардың жетіспеуі енді көзге көрініпті.

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков осы өзекті мәселерді шұғыл шешу қажет деп дабыл қақты.

Расымен солай ма? Бұл уәжге жергілікті департамент басшылары не дейді?

Сенат депутаты Бекболат Орынбековтың көтерген мәселесі қоғамда қызу талқыланды. Ол әр өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту қажет дейді. Мысалы, Жамбыл облысындағы өрт сөндіру көліктерінің ескіргенін және жетіспей жатқанын айтты. Аймақта 400-ден аса су шашатын техника болуы тиіс екен. Бірақ оның 136 ғана бар. Сондай-ақ құтқарушылардың да саны «жетіспейді» деп отыр. 

Бекболат Орынбеков, Сенат депутаты:

Жарғы бойынша белгіленген нормативтер сақталмайды. Мәселен, бір бөлімшеде жеке құрам саны 20 адам болса, оны 4-ке бөлсек, сонда қарауылды қосқанда 4-5 адам болады. Бұл жерде сапа туралы сөз қозғаудың өзі артық.

136 өрт сөндіру көлігінің әскери бөлімдегі жаралыс кезінде 18 жанып кеткен. Қазір олар түкке жарамсыз болып қаңтарылып тұр. Депутат көтерген мәселе бұл ғана емес. Сенатордың сөзінше, құтқарушылардың жалақысы да мардымсыз. Сондықтан көбі бұл саланы тастап кететін көрінеді. Ал оларды қайта тарту үшін айлығын өсіру қажет. Жергілікті департамент басшылығы сенатордың сөзін толық қостайды. Бірақ оны шешуге өздері дәрменсіз көрінеді. Сондықтан бар үміт – атқарушы органда дейді.  

Әлібек Әбсатов, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және апатты құтқару қызметі бастығының орынбасары:

- Біз де жүргізіп жатырмыз, жетіспей жатыр деп. Республикаға, министірлікке, жергілікті атқару органлдарынан сұрап жатырмыз

18 өрт сөндіру техникасы жанып кеткен соң, аймаққа әр өңірден 12 өртті ауыздықтау машинасы жеткізілген. Ал Жамбыл облысында жалпы саны 753 құтқарушы бар екен. Олардың алатын ең төменгі жалақысы 100 мың теңге көлемінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.