Қарашілікте күлге айналған үйден екі адамның сүйегі табылды
Ақмола облысындағы Қарашілік ауылында үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Әп-сәтте күлге айналған баспанадан 52 жастағы ер адам мен 40 жастағы әйелдің денесі табылды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
10.09.2021
Бурабай іргесіндегі Қарашілік ауылы іңір түсе азан-қазан болды. Ағаштан салынған ескі үйдің өртеніп жатқанын ауыл тұрғындарының бірі байқап қалған. Дереу құтқару қызметіне хабар беріп, ауылдастарын да көмекке шақырыпты. Алайда шелектеп тасыған су қызыл жалынның бетін қайтара алмаған. Щучье қаласынан өрт сөндірушілер жеткенше, ағаш үйдің шатыры мен қабырғасы түгел өртеніп кетті. Үйде екі адам болған екен. Құтқарушылар олардың жансыз денесін алып шықты.
Манарбек Шапағатов, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Өртте 1969 және 1981 жылғы екі адам мерт болды. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған деген болжам бар. Шылым тұқылынан да болуы мүмкін. Қазір басқа да себептер қарастырылып жатыр. Өрт-техникалық және сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!