Карантин тәртібі қашан жеңілдетіледі?
Дүйсенбіден бастап елде карантин тәртібі жеңілдетіледі. Бас санитар дәрігердің бүгін шығарған қаулысында мектепке дейінгі мекемелерге орналасқан аймағының қандай түске боялғанына қарамастан, толық жұмыс істей беруге рұқсат.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.09.2021
Жаңа қаулыда банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта бөлімшелеріне жұмыс істеуге рұқсат. «Сары» аймақта тұрған діни мекемелер 30 пайыздан асырмай, бір адамға кемінде төрт шаршы метр алаң қамтамасыз етілген жағдайда жұмыс істейді. «Қызыл» аймақтағы мешіттерге әлі рұқсат жоқ.
Қалада қоғамдық көлік саны қарбалас уақытта ұлғайтылуы керек. Ал отырыстарды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беріледі.
Ұлттық құрама, спорт клубтарына жаттығуларға рұқсат берілген.
Ашық базарлар да толық жұмыс істейді. Ал жабық базарлар сенбі-жексенбі күндері жабылуы тиіс.
«Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде жергілікті санитар дәрігерлер карантин шарасын қатаңдатуға құқылы.
«Сары» аймақтағылар тек бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімін күтуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!