Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді – Сарапшылар пікірі
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді. Шілденің аяғында ғана ол 0,25 пайыз өскен. Бүгін отырыс өткізген қша-кредит саясаты жөніндегі комитет тағы 0,25 пайызға көтеріп, 9 жарымға дейін өсірді.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.09.2021
Бас банк сол арқылы инфляцияны түсіреміз дегенімен, оған күмәнмен қарайтын сарапшылар көп.
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, азық-түлік пен шикізатқа деген сұраныс әлемде артып келеді. Ол біздің елде де көрініс тауып отыр. Тұтынушылық сұраныстың артуымен бірге, электр қуаты, газ мен жанармай бағасы да өсіп барады. Сайып келгенде елдегі инфляцияның орташа көрсеткіші 8,7 пайыз деңгейіне барды. Оның ішінде азық-түлік бағасының шарықтауы едәуір үлес алып тұр. Тамызда ол 11,4 пайызға дейін жеткен. Ал базалық мөлшерлемені өсіру инфляция қарқынын бәсеңдетіп, келер жылы 4-6 пайыз аралығына түсіреді делінген Ұлттық банктің таратқан мәлімдемесінде.
Алайда сарапшылар базалық мөлшерлемені көтеру бәрібір экономикаға кері әсерін тигізеріне сенімді. Өйткені банктер несие беру пайызын көтереді. Соңғы уақыттары жеке және заңды тұлғалардың несие алуы онсыз да азайып кеткен. Енді бұл сан одан сайын кеми түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!