Жайылымдағы жылқыны көлік салонына тығып ұрлап келген – ШҚО
Жылқыны жеңіл көлікке сыйдырып жіберген. Шығыс Қазақстан облысында осындай айлаға барған әккі ұры ұсталды. 31 жастағы Ұлан ауданының тұрғыны жайылымда жүрген малды тірідей көлік салонына салып із суытпақ болған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.09.2021
- Сырғасы жоқ, иә.
- Сырғасы жоқ.
- Жылқыға сырға тақпайды.
- Бәрібір де болу керек қой.
Күдікті Қамбар ата тұқымын «ВАЗ» көлігінің салонына тірідей сыйғызып жіберіпті. Алғашында полиция қызметкерлеріне «жылқы өзімдікі» деп дес бермеген. Бірақ кейін малдың ұрланғаны белгілі болды. Баукеспенің дәл осы тәсілмен жеті ұрлыққа қатысы бары анықталды. Ол жайылымда жүрген ірі қара мен жұмыр тұяқтың көзіне түскенін үптеп кетіп жүрген. Кейін ұрлық малды сойып, етін Өскеменнің базарына сатып пайда тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!