Көкшетауда опырылған жерден ескі су резервуары табылды
Жер астынан шыққан жік. Көкшетаудағы Бұқпа тауында жер опырылып, оның орнына алып шұңқыр пайда болды. Қаланың ең биік нүктесіне жақында ғана 38 миллион теңге жұмсалып, алып ту тұғыры орнатылған еді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.09.2021
Туристер көп жиналатын аумақта алып шұңқыр пайда болғанын серуендеп жүрген тұрғындардың бірі көріп әлеуметтік желіге жариялаған. Мердігер компания жақында нысанды тапсыруға тиіс еді. Аумақ дереу қоршалып, тиісті қызмет тексерісті бастады. Опырылып түскен жердің астында Кеңес дәуірінен қалған ескі су резервуары бар екен. Абырой болғанда үсті тас кірпішпен тегістелген төрт жарым метр терең шұңқырға ешкім құламаған.
Бауыржан Ерназаров, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:
- 1970 жылы қаладағы бірнеше мекемеге су беретін резервуар болғаны енді анықталып отыр. Жеңіл жөндеу жұмыстары болғандықтан, жердің асты зерттелмеген. Ешкім білмеген. Осы оқиғадан кейін енді мұндай 40 жылдық нысандар жоқ екенін анықтадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!