{metadescription}
Адасқан туристердің бірі жартастан құлап кеткен – Алматы
Адасқан туристердің бірі жартастан құлап кеткен – Алматы

Адасқан туристердің бірі жартастан құлап кеткен – Алматы

Жартастан құлап жазым бола жаздады. Алматыда тауға барған туристер адасып, ақыр соңында біреуі бес метрлік биіктіктен құлап кетті. Аяғы жарақаттанған ер адамды тікұшақпен эвакуациялауға тура келген.

Үш турист сенбіде Үлкен Алматы шыңын бағындыруға барыпты. Бірақ оған жеткенше қараңғы батып кететінін түсініп, кері қайтпақ болып, жолды қысқартамыз деп, келген бағыттан жаңылысып қалған. Сөйтіп жүргенде туристердің бірі жартастан құлап кетіпті. Тауда жарақаттанған ер адамға Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді. Таудағы қатты жел мен жаңбыр аралас қар құтқарушыларға да кедергі келтірген. Олар туристі келесі күні таңда әрең құтқарып алды.

Мәулен Қоңырбаев, Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушысы:

Сағат бесте тауып алып, жедел құтқару тобымен бірге барып медициналық көмек жасап, тікұшақ қона алатын жерге алып бардық. Тікұшаққа салып жіберіп, медициналық апат орталығына табыстадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде