{metadescription}
Қылмыс: Маңғыстау облысында 150-ден астам адамға жалған екпе құжатын жасап берген
Қылмыс: Маңғыстау облысында 150-ден астам адамға жалған екпе құжатын жасап берген

Қылмыс: Маңғыстау облысында 150-ден астам адамға жалған екпе құжатын жасап берген

Маңғыстау облысында вакцина паспортын сатқан дәрігерлер ұсталды. Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының дәрігерлері 150-ден астам адамға екпе алғаны туралы жалған құжат жасап берген.

Жалған вакцина паспортының құнын 30-50 мың теңге аралығында бағалаған. Күдіктілер мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде қызмет етіпті. Тәртіп сақшылары оларды ұстау үшін екі ай бойы ізіне түскен. Әзірге күдікті ретінде 8 адам жауап беруде. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Алтынбек Қалиев, Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары:

- Шілде айында криминалдық полиция басқармасына ақпарат келіп түсті. Екі айдан бері жедел іздестіру жүргізіліп, арнайы іздестіру жүргізіліп, бұлардың істеген жұмыстарының бәрі құжаттандырылды.Ары қарай олардың қанша дәрігермен істегені анықталуда. Онымен іс тоқтап қалған жоқ. Сотқа жолданғанша жедел тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде