{metadescription}
Алматы әуежайында вакциналау пункті ашылды
Алматы әуежайында вакциналау пункті ашылды

Алматы әуежайында вакциналау пункті ашылды

Жол жүрмес бұрын індеттен қорған. Бүгін Алматы әуежайында вакциналау пункті ашылды. Онда қалаған адам коронавирусқа қарсы екпе ала алады. 

Сағадат Нұриманов, Алматы халықаралық әуежайы дәрігерлік бөлімінің басшысы:

- Ведомствоаралық комиссияның қалауы бойынша барлық әуежай, темір жол вокзалдарында вакциналау пункті ашылсын деген нұсқау берілді. Алматы әуежайында вакциналау пунктін аштық. №32 емханамен келісіп, сол емханадан дәрігерлер келді, өз вакциналарын алып келді.

Әуежай өкілдері дәрігерлерді екпе сақталатын тоңазтқышпен және өзге де қажет заттармен қамтамасыз еткен. Егу бөлмесі бірінші қабатта орналасқан. Мұнда жолаушылар QazVac немесе VeroCell вакциналарын салдыра алады. Емханадағыдай мұнда да вакцинадан соң азаматтар жарты сағат дәрігерлер бақылауында болады. Бәрі қалыпты болса, жолаушы сапарын жалғастыра береді.

Айта кетерлігі, екпенің бірінші дозасын осы жерден алып, екіншісін кез-келген қаладан салдыруға болады. Індетке қарсы вакцинаны тек Қазақстан азаматтары емес, шетелдіктер де ала алады. Әуежайдағы егу бөлмесінде бүгін түске дейін бес адам вакцина алып үлгерген.

Осыған дейін елімізде ересектердің 60 пайызы екпе алды. Соңғы мәлімет бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 миллионнан аса адам, ал екі компонетті 5 миллион 906 мың тұрғын салдырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.