{metadescription}
0:000:00
COVID-19 вирусының қаупі әлі сейілген жоқ

COVID-19 вирусының қаупі әлі сейілген жоқ

COVID-19-дың қаупі әлі сейілген жоқ. Елорда, Алматы, Қарағанды мен Алматы облыстары өткен тәулікте ауру көрсеткіші көп тіркелген өңірлер қатарында.

Алматы облысының шенеуніктері бүгінгі көрсеткішке Алматыны кінәлайды. Өйткені аймақтағы халықтың бір бөлігі Оңтүстік астанаға көп қатынайды, вирусты да сол жақтан жұқтырып келеді екен.

Батыржан Байжұманов, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Алматы облысының шеткері аудандары Алматыға тиіп тұр. Қазір ондағы ауру көрсеткіші де Алматыдағыдай жоғары. Шетте тұратындардың көбі Алматыда жұмыс істейді, вакцинаны да сол жақта салдырады. Әрине, жұмыстан соң үйіне қайтқанда вирусты бірге алып келеді.

Эпидемиологиялық ахуалдың кестесінде Түркістан бір айдан бері «жасыл» аймақтағы орнын сақтап келеді. Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік, Шығыс пен Батыс Қазақстан облыстары «сарыда» тұр. Ал қалған өңірлер әлі «қызыл» аймақта.

Қазір коронавирусты балалар көбірек жұқтыруда. Жаңа оқу жылы басталғалы 1800 оқушыдан COVID-19 анықталыпты. Мектептердегі 1435 сынып карантинге жабылған.

Ақтөбе облысында әзірге карантинге жабылған мектеп жоқ. Бірақ 189 бала ауырып жатыр. Олардың басым бөлігі  облыс орталығында. Денсаулық сақтау министрлігінің шешіміне сәйкес, вирус жұқтырған баланың сыныбы ғана онлайнға жіберіледі.

Нұрсұлу Беркімбаева, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы:

- Барлық тіркелген оқушылардың ішінде мектеп директорларына қаулылар берілді. Ол қаулылар тіркелген қай сыныпта оқушы тіркелсе, ол сынып 14 күнге карантинге кетеді. Тіркелген сыныптардағы мұғалімдер толық вакциналаудан өткендіктен, олар карантинге кетпейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 ақпан

21 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.