Қызы әкесінің көз алдында жүк көлігінің астында өлді – Петропавл
Петропавлда велосипед мінген 12 жасар қызды «КамАЗ» қағып кетті. Жүк көлігінің астында қалған спорт мектебінің тәрбиеленушісі оқиға орнында көз жұмған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.09.2021
Оқиға таңғы сағат он шамасында Бескөл кенті маңында болды. Әуежай жақтан шыққан велоспорт мектебінің бес тәрбиеленушісі үйреншікті бағытпен келе жатқан. Жас спортшыларды бастаған жаттықтырушы «Газель» көлігімен алда жүріпті.Ал «КамАЗ» спортшылармен бір бағытта келе жатқан. Қалай болғаны белгісіз, 12 жасар қыз жүк көлігінің астына түсіп кеткен. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал жол бастап жүрген жаттықтырушы қайтыс болған қыздың әкесі екен.
Баян Байғаскина, СҚО ПД аға инспекторы:
- Оқиға орнына Қызылжар ауданының жедел тергеу тобы шыққан. Аталған факті ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізімдемесіне енгізілген. Барлық қажет сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!