COVID-19: ШҚО-да жаңа қаулы шықты
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған науқас саны күн санап бәсеңдей бастады. Үш ай бойы «қызыл» аймақта тұрған Ақмола облысында жағдай біршама жақсарған. Өңірде соңғы тәуілікте науқас саны 200 адамға аза ды. Бірақ мамандар карантин талаптарын жеңілдетуге әлі ерте дейді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.09.2021
Айнагүл Мусина, Ақмола облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы:
- «Қызыл »деңгейде тұрғандықтан, карантин әзірге жеңілдемейді. Оның үстіне ауа райының құбылуы, күз маусымында жұқпалы инфекция қоздыратын уақыт. Сондықтан бетперде тағып, санитарлық талаптарды орындалмаса індеттің өршуі ғажап емес.
Соңғы бір тәулікте 2800 адамнан індет анықталып, 73 науқас көз жұмды.
Ал инфекциялық ауруханаларда 76 мыңнан астам адам ем алып жатыр. Оның ішінде 1 196 науқастың жағдайы ауыр.
Қазір «қызыл» деңгейде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан басқа сегіз облыс тұр. «Жасыл» аймаққа тек Түркістан өңірі. «Сары»деңгейдегі бес облыстың бірі – Шығыс Қазақстан. Жаңа қаулыға сәйкес бұл өңірде біраз талап жеңілдетілді. Бүгіннен бастап сауда нысандары, үйірмелер, сауналар апта бойы жұмыс істейді. Облыстағы түрлі қызмет көрсету нысандары да қызметін жұмыс кестесіне сай жалғастырады.
Бағлан Тауанова, ШҚО санитария-эпидемиология бақылау департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы:
- Діни бірлестіктер 30 пайызға дейін, бірақ 100 адамнан аспайтын адамға дейін ұжымдық ғибадат етуге рұқсат берілді. Осыған дейін жабық үй жайында ұжымдық іс шара өткізуге тыйым салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!