{metadescription}
Бағаны ауыздықтамаса, газ, жанармай, киім-кешек тағы қымбаттайды
Бағаны ауыздықтамаса, газ, жанармай, киім-кешек тағы қымбаттайды

Бағаны ауыздықтамаса, газ, жанармай, киім-кешек тағы қымбаттайды

Түркістан мен Қызылорда облыстарында және елордада азық-түлік тым қымбат. Қант, өсімдік майы, дәнді-дақылдар мен ет жұрттың қалтасына едәуір салмақ салып тұр. Үкіметте баяндама жасаған сауда министрі мен Ұлттық банк төрағасы инфляцияны кері кетірген азық түрлерін атады.

Бағаны ауыздықтамаса, енді газ, жанармай, киім-кешек те тағы көтеруі мүмкін. Ал Ұлттық банктің әзірге жасаған жалғыз амалы базалық мөлшерлемені көтеру ғана. Бұл баға мен инфляцияға қаншалықты әсер етеді?

Жалпы елдегі инфляция мәселесі биыл қызу талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Президент Тоқаевтың соңғы Жолдауындағы тапсырмасынан кейін инфляция деңгейін түсіруге бел шешіп кіріскен Ұлттық банктің әзірге бітіргені базалық мөлшерлемені көтеру ғана. Ал сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың ауыз толтырып айтқаны: қазір Қазақстанда электрондық коммерция өскен.

Айталық, биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі 12,2%-ға жеткен. Яғни былтырғы көрсеткіштен 2,5% жоғары. «Бұл бизнестің қазіргі жағдайларға бейімделгені», - дейді министр Сұлтанов. Бірақ, бізге қызығы азық бағасы еді. Ол мынадай болып шықты.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7% өсті. Ондағы 5,9% үлесін құрап отырған көкөністер едәуір қымбаттады. Сонымен қатар ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен толықтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақтанып, төмендей бастады. Соңғы үш аптада бағалар 0,7% түсті.

Азық-түлік бағасы өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші:

Түркістан облысында - 11,4%;

Қызылорда облысы, Нұр-Сұлтанда 11,%.

Ең төменгі өсім көрсеткіш:

Қарағанды облысында – 8,6%.

Алматы қаласы

Аматы облысы.

Бағасы шарықтап өскен көкөністердің тізімі:

Картоп 64%-ға. сәбіз 54%-ға, пияз 4%, қырыққабат 2%-ға арзандаған.

«Инфляцияның өсуі бізде ғана емес, әлемде солай» дегенді министрлер Үкімет отырысында осымен әлденеше рет қайталаумен келеді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, әлем елдерінде қазір қант, өсімдік майлары мен дәнді дақылдар бағасының өсуі қатты байқалады. Сәйкесінше, ол бізге де әсер еткен. Оның үстіне халық табысы аздап артқан. Ол да инфляция өсімін үдетіп отыр екен. Базалық мөлшерлемені көтеру де соның салдары дейді Досаев.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- биыл екінші тоқсанда халықтың нақты табысының 1,5% өсуі нәтижесінде сұраныс қалпына келіп, тауар айналымы қайта жанданды. Қызметкерлер жалақысының 10,4% жеделдеуінен соң үй шаруашылығы бойынша тұтыну көлемі өсті. Осылайша экономиканың қалпына келу қарқыны артып, сұраныс күшейіп келе жатқандықтан инфляцияға қарсы қысым күшейді. Осыны ескеріп Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін көтерді.

Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 0,1 пайыз өсім көрсетті. Қазіргі деңгейі 7,3%. Өндірушілер бағаны өсірсе де, сұраныс бұрынғы қалпына келіп жатыр. Ол бағаны одан бетер өсірді. Соның салдарынан жанармай бағасы көтеріліп барады. Ол тағы киім-кешек құнының өсуін жеделдетеді. Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы 10,1%  қымбаттаған.

Баспана жалдау, қоғамдық тамақтану, газ бен әуе тасымалы да шарықтап барады. Қазіргі инфляция деңгейі 8,7%.

Ұлттық банк оған қарсы жалғыз әдіс –  базалық мөлшерлемені көтеру арқылы жыл соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% аралығында қалыптасады деген үмітте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.