{metadescription}
Теміртауда жаппай төбелеске қатысқандарға іздеу жарияланды
Теміртауда жаппай төбелеске қатысқандарға іздеу жарияланды

Теміртауда жаппай төбелеске қатысқандарға іздеу жарияланды

Қарағанды полицейлері Теміртауда болған жаппай төбелеске қатысқандарды іздеп жатыр. Ергесті бастап ұрыста ойран салған 16 жастағы басты күдікті ұсталғанымен, оның сыбайластары бостандықта жүр.

Түнгі уақытта тұрғын үй маңында болған төбелеске қатысушыларды куәгерлер шошытпағанда, аяғы неге әкелері белгісіз еді. Қолына темір ұстаған жігіт жерде жатқанды айналып кеп әлсін әлсін ұрады. Жер бауырлаған байқұстың жан дауысы шыққанына қарамастан, оны аяған ешкім болмады. Қайта одан сайын ұмтылып, темірдің сүйекке тиген дауысы түн тыныштығында анық естіледі.

Видео әлеуметтік желіге шыққанда ғана полиция бұзақыларды іздеуге кіріскен. Бірақ «таяқ жедім» деген арыз ешкімнен түспеген. Десе де тәртіп сақшылары бейнекадрлардың негізінде қылмыстық іс қозғап, төбелестің бел ортасында жүрген  бұзақыны ұстаған. Қалғандарына іздеу жалғасып жатыр.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Жанжал, бұзақылыққа себепші болған Теміртау қаласының 16 жастағы тұрғыны анықталды. Ол мойындау, көрсету шарасын істеді. Қазір полиция қызметкерлерімен осы бұзақылыққа қатысқандарды анықтау және оқиғаның мән-жайын білу мақсатында іс-шара жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде