{metadescription}
Дабыл! Вейп балаларға емін-еркін сатылып жатыр
Дабыл! Вейп балаларға емін-еркін сатылып жатыр

Дабыл! Вейп балаларға емін-еркін сатылып жатыр

Кәмелетке толмаған жеткіншектер дүкеннен емін-еркін вейп сатып алып, қысылмай шегіп жүр. Соңғы жарты жылда жастар арасында түтіні будақтаған қор-қор іспеттес осы затты тарту сәнге айналды.

Қоғам белсенділері уақытында шектеу қойып бақылауды күшейтпесе, нашақор ұрпақ өсіреміз деп дабыл қағуда. Дамыған кейбір елдерде вейп саудасына заң жүзінде түбегейлі тыйым салынып,  оған бағынбағандар қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Өйткені қатерлі ісік тудыратыны дәлелденген. Ал біздегі мамандар бір реттік вейптің құрамы әлі толық зерттеліп бітпегендіктен, оны не темекі өніміне жатқызарын білмей отыр. Әуес қылар қауіпті зат туралы толығырақ Асқарбек Қазанғаптың арнайы материалында.

- Өте көп, санын айту қиын, шығарушылар көп.

Бір қарыс құралға құмарлар күрт көбейді. Тіпті дәміне қарай таңдаудан көз сүрінеді. Вейп осыған дейін де болған. Бірақ бертінде бірреттік түрі нарыққа келуімен жағдай өзгерді.

Жандос Сапарқұлов, электронды темекі сататын дүкен қожайыны:

Қазір бір реттік электронды темекінің құрылымын оңтайландырды. Оларды қуаттаудың да, сұйықтық құюдың да қажеті жоқ. Біткен кезде лақтыра саласың.

Мұндай ресми дүкендерге заңсыз жолмен тауар әкелетіндер әлек болды. Мәселен, 3500 теңгеге саудалайтын вейпті жәй дүкендер 1,5-2 есе арзанға сатады. Сорақысы сол, оқушылар сұраса да соқыр теңгеге бола еш қысылмай бере салады.

Жандос Сапарқұлов, электронды темекі сататын дүкен қожайыны:

Өз басым ондай жағдайды көрдім. Кішкентай балалар вейпті сұрап тұрған, оған сатқан сәтті фотоға түсіріп алдық. Көбіне кішігірім дүкен, дүңгіршектер ережені елемей, осындай заңсыздыққа барады. Негізгі проблема солардан басталып тұр.

Біз де бұл жағдайға көз жеткізу үшін тәжірибе істедік. Ата-анасының рұқсатымен жасы 13 жасар жеткіншекті жалғыз өзін дүкенге жібердік.

- Бірреттік, мың рет тартылуға жетерлік вейп бар ма?

- Иә.

Келесі бас сұққан дүкен де баланың жасын сұрап бас қатырмады. Бастысы, тауары өтсе болды.

Шектеудің ақсағандығынан қазір оқушылар арасында қолжетімді вейп шегу теріс трендке айналды. Қоғам белсендісі Асхат Нұрмағанбетов: «Жағдайды қазір ауыздықтамаса, кейін кеш болады» - дейді.

Асхат Нұрмағамбетов, қоғам белсендісі:

- Ол жерде ешқандай да балаларға, жасөспірімдерге шектеу жоқ деп осы балалардың өзі айтады және балалардың өзі соған сенімді. «Бұл бірреттіктің денсаулыққа зияны жоқ» - деп айтады. Өйткені бұл жөнінде заң бабын да оқыдық, бұл жөнінде видеоблогтар, мен өзім қарадым, Youtube та, жас балалар бұған шолу жасап жатыр, 12 жастағы балалар.

- Бүгін дәмін татып көрейік, татымды дүние, ол дәмді болуы мүмкін ...

Шынында, вейптің мақтауын асырған мұндай шолулар әлеуметтік желіде жетіп артылады. Күн ұзақ телефонға телмірген толқын санасын сүзгіден өтпеген ақпарат улап жатыр. «Арты денсаулықтың дімкәстігіне әкеліп соғады» - дейді мамандар.

Данияр Сүйінбеков, Алматы қаласы психикалық сауықтыру орталығының нарколог-дәрігері:

- Вейптің құрамында глецирин бар, ол тартқан кезде қатты температураның әсерінен химиялық және физикалық күйде өзгеріске ұшырайды. Сол кезде химиялық, физикалық реакцияның нәтижесінде ағзаға зиянды ішінде қоспалар, спирттер, ұшқыш заттар пайда болады. Тыныс алу жолдарын зақымдайды. Қанға сіңгендіктен және басқа да мүшелерін улайды.

Кейбір мемлекеттер вейптің өз елінің аумағына кіргізуге тыйым салған. Өйткені жоғарғы тыныс жолдары мен өкпенің қатерлі ісігін тудыратыны дәлелденген.

Бір реттік вейпті «бір рет көрем» деуден басталатын әуестік тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін. Ересектерге ескертудің қажеті шамалы. Өз денсаулығына өзі жауапты.

Басты мәселе – балаларды бұл бәлекеттен қалай қорғаймыз? Әзірге қоғам белсенділерінен басқа ешкім бұл мәселеде дабыл қағып жатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде