{metadescription}
Медиафорум: Бәсекеге қабілетті контент қалай жасалады?
Медиафорум: Бәсекеге қабілетті контент қалай жасалады?

Медиафорум: Бәсекеге қабілетті контент қалай жасалады?

Жаһандық ақпараттық орта егемендікке қауіп төндіретін күшке айналды. Сондықтан төл тарихымыз, мәдениетіміз бен тілімізді қорғап, оны дамыту үшін интернетке сапалы контент шығару керек. Бүгін елордада екінші күн қатарынан өтіп жатқан Еуразиялық медиа форумда осы үлкен талқыға түскен тақырып осы болды.

Өйткені қазіргі интернетте ақпарат ағыны көп, бірақ шынайысы аз. Ал одан сақтанудың жолы - бәсекеге қабілетті контент жасау.

Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен бейбітшілікке жауапты мемлекет. Бұл соңғы үш он жылдықта қалыптасқан жағдай. Медиафорумның бүгінгі ресми ашылуында сөйлеген ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева еліміздің қазіргі әлеуетіне осындай баға берді. Ендігі мәселе – әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті бекемдеу.   

Дариға Назарбаева, Еуразиялық медиафорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы:

- Жаһандық ақпараттық орта мемлекеттік шекарамен астаса бермейді. Сондықтан ол ұлттық және мәдени егемендігімізге айтарлықтай қауіп төндіреді.Ал төл тарихымыз, мәдениетіміз бен тіліміз баға жетпес құндылығымыз. Оны қорғау мен дамыту бүгінде аудиторияға, яғни көрермен сеніміне деген жаһандық бәсекелестік алаңы болып кетті. Менің ойымша, қазіргі заманда тәуелсіздік пен егемендік дегеніңіз ел мен ұлттың бәсекеге қабілетті контент шығара алуымен өлшенеді.

Сапалы контент көрермен назарын бұруға арналса, осы қағиданы пайдаланатын фейк ақпарат жасаушылар да жетерлік. Форумның екінші күнінде талқыланған тақырыптардың ішінде сарапшылардың көп тоқталғаны да осы болды. Өйткені ақпарат көп, шынайылық аз.

Қазір нені қарау керек? Оқырманы көп блогерді ме, әлде ресми ақпарат жариялайтын телеарнаны ма? Әлеуметтік желіде өте белсенді жұмыс істейтін танымал тұлғаның нақтыланбаған, ресми расталмаған ақпарат таратуы қаншалықты орынды немесе заңды? Бұл қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Ары-беріден соң ақпаратты синтездеу, редакторлық сараптамадан өткізу де-бір адамның қолынан келе бермейтін шаруа. Форумда талқыға түскен тақырыпта қатысушылар осы сұрақтарға жауап іздеді.

Мамандардың айтуынша, фейк жаңалықтың таралуы тым жылдам. Ресми ақпаратқа қарағанда 65 есе тез таралады. Әдетте жұрт әлеуметтік желілер арқылы күлкілі жағдайларды бөлісуге құмар. Жалған ақпарат жаюшылар да адамның сол әдетін пайдаға асыруға әбден машықтанып алған.

Ксения Собчак, журналист, «Осторожно, Собчак» YouTube-арнасының авторы (Ресей):

Жалған ақпаратты көбіне кәсіби адамдар жасайтынын түсіну керек. Олар нені басу керектігін, жұрттың қалай басын айналдыруға болатынын жақсы біледі. Сондықтан ол тез тарайды. Алайда жалған ақпаратты бірінен кейін бірін әшкерелеп отырсақ, оқырман да кейін қай сайтқа сенуге болатынын, қайсысына сенуге болмайтынын түсінеді деп ойлаймын. Өйткені ешкім білмейтін, ешкім сілтеме жасамайтын сайт елді елең еткізетіндей қылып ақпарат шығарса да, бәрімір оны ешкім елемейді.

Қарапайым мысал, пандемия басталғалы адамдардың электронды кітап сатып алуы 50 пайызға артқан. Ал қазақстандық телеарналардың рейтингі 27 пайыз өскен. Демек көрермен көбейді. Мұндайда көрерменге, не оқырманға дені дұрыс ақпарат жеткізу үшін журналистерге қайтпек керек? Мамандардың айтуынша, адамның сыни ойлау қабілетін дамыту тығырықтан шығуға мүмкіндік береді.

Салах Халил, «Мacat International Ltd» негізін қалаушы, Мысыр:

- Журналистерге критикалық ойлау қабілетін жетілдіру өте маңызды. Өйткені күнделікті жұмыста әр түрлі жағдайға тап болудан бөлек, көрген, естіген нәрсені көрерменге солардың қабылдауына лайықты етіп жеткізе білу керек. Әлем елдерінде, әсіресе басқарушы орындарда сыни ойлау қабілеті көбіне ер адамдарда мықты дамыған деп саналады. Бірақ ол әр адамның өзін қаншалықты дамыта алғанына байланысты.

Ел астасында осымен 17-ші рет өтіп жатқан Еуразиялық медиафорум үш күн қатарынан өткізілді. Оған алыс-жақын шетелдерден келген сарапшылармен бөлек, біразы онлайн қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде