Тұрғындар Ақтөбе іргесіндегі төте жолдың жабылғанына қарсы шықты
Ақтөбе іргесіндегі ауылға апаратын төте жолдың жабылғанына тұрғындар қарсы шықты. Украинка елдімекеніне кіретін жолға көлікпен жету үшін енді ат шаптырым жерді айналып өтуге тура келеді. Ауыл тұрғындары тас жол бойынан мектеп маңына бір бұрылыс қалдырсын деп талап қойып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.09.2021
Еркебай Серманов, Украинка ауылының тұрғыны:
- Жолды ашып берсе екен дейміз. Әлі жолды аяқтап тапсырған жоқ. Бұның еш қиындығы жоқ. Анау бір жарық бағанын алады.Айналып кеп салады.
Украинка ауылы Ақтөбе-Орск тас жолының бойында орналасқан. Жаз бойы осы трассаның жолағын үлкейтіп қайта салған. Бұрын ауылға еш кедергісіз кез келген жерден бұрылып кіруге болатын. Енді жолақтың ортасына тас қалап қойғандықтан, көлікпен ауылға бару үшін екі шақырым жерді айналып келу керек. Мұны тұрғындар қиынсынып отыр. Ал жолға жауапты шенеуніктер тұрғындардың талабын әзір орындай алмайтынын айтты. Ауыл маңынан бұрылыс қалдыратын болса, көлік апаты көбейеді деп қорқады.
Рүстем Төреғалиев, Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазір бұл жолдың санатына байланысты бұрылыс жасауға келмейді. Себебі, бұрылыс жасайтын болсақ, ол заң бойынша жол қауіпсіздігі ережелерін бұзады. Көлік бұрылу керек болады ғой, өткізу үшін. Сол себептен апат жағдай туады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!