{metadescription}
Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін
Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін

Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін

Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін. Қазірдің өзінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы гуманитарлық дағдарысқа қарай бет алған.

Ал тәліп үкіметінің Ауғанстанда бейбітшілік орнататынына және экономикасын дамытатынына Тоқаев сенбейді. Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Тәжікстан астанасындағы кезекті сессиясына қатысқан Қазақстан президенті қыл үстінде тұрған ауған елмен байланысты қалпына келтіру керек деп санайды.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ұзақ мерзімді стратегиялық ұстанымдарды әзірлейтін жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет деген пікірде. Себебі, Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының негізгі бағдарын қолдайды. Ал ауған шекарасына тиіп тұрған елдерді лаңкестіктен қорғауға, заңсыз көші-қон мен есірткі тасымалына тосқауыл болуға біздің ел барынша күш салмақ.

Өткен айда Біріккен ұлттар ұйымының Ауғанстандағы миссиясының қызметкерлері Алматы қаласында уақытша орналастырылды. Сонымен қоса 35 қандас тарихи Отанына жеткізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елдеріміздегі террорлық ошақтарды анықтап, ауыздықтау жөніндегі, сондай-ақ экстремизм мен терроризм үгітіне қарсы күрес жұмыстарын күшейту қажеттігі туралы әріптестеріміздің пікірлерін қолдаймыз. Оңтүстік шекара әрі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының өзіндік «қауіпсіздік белдеуі» саналатын тәжік шекарасын бекемдеуге жан-жақты көмек көрсету қажет деп санаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.