{metadescription}
Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу қайта тексеріледі
Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу қайта тексеріледі

Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу қайта тексеріледі

Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу қайта тексеріледі. Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастыркин қазақстандық студенттің қазасына қатысты істің мән-жайын баяндау жөнінде қарамағындағыларға тапсырма берген.

Ал марқұмның анасы әлеуметтік желі арқылы институт проректорына қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде өтініш білдірді.

Жанна Ахметова білім ордасының өкілі қылмысты жасыруға ықпал етті деген пікірде. Айтуынша, қызының өліміне кінәлі жігіттің отбасымен жақсы таныс болған.

Енді іс қайта қаралуы мүмкін. Томиристің анасы Ресей тергеу комитетінің төрағасы оқиғаның егжей-тегжейін сұратып жатқанына үміттеніп отыр. Осыған дейін басты күдікті Муртузали Меджиевті кінәсі дәлелденбеді деп Мәскеу соты ақтады.

2018 жылдың 13-сәуірінде Халықаралық қатынастар университетінің төртінші курс студенті Томирис Байсафа оқу орны ғимаратының төртінші қабатынан құлап өлген. Қызды қасақана итеріп жіберді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы ұсталғанмен, кейін босатылған болатын.

Жанна Ахметова, Т.Байсафаның анасы:

Сот ескермеген көп жайт бар. Ешкім қызымды өлгенге дейін ұрып-соққанға мән беріп жатқан жоқ. Оның айқайлағанын естіген куәгерлер бар. Өз-өзінен секіріп кетпейді. Әділ тергеу жасалғанын қалаймын. Сотта жалған жауап бергені үшін университет пророекторын жазаға тарту керек. Бақылау камераларындағы жазбаларды тек үш айдан кейін алудың өзі көп жайды аңғартады. Кінәлілер түрмеде отыруға тиіс!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.