Қазақстан Прагада конфессияаралық жиын өткізді
Әлемдегі қақтығыстар дінаралық байланысқа қауіп турдыруда. Осындай күрделі шақта Қазақстанның Чехиядағы елшілігі Прагада конфессияаралық мәселелерге қатысты жиын өткізді.
Автор: Нұрболат Досжан
17.09.2021
Азамат Әбсалықов, Чехиядағы ҚР Елшісінің кеңесшісі:
- Елбасының сарабдал саясатының арқасында, елеулі 30 жылы ішінде елімізде бірқатар ауқымды жоба іске асырылды. Шекарамыз шегеленіп, тұтастығымыз нығайды. Қазір бізге еліміздегі әр ұлттың татулығы мен еркіндігі маңызды. Тартысты жылдар шеңберінде әлем елдерімен экономикалық байланысымыз артты. Шығыс пен Батыс елдеріне барар сауда қақпасы ашылды. Бүгінгі конфессияаралық келісім де ел Тәуелсіздігінің тұрақтылығы мен мызғымастының дәлелі.
Жиында Чехия тарапы дінаралық диалог пен өзара түсінікті ілгерілетуді баса айтты. Сондықтан жалпыұлттық идея негізінде ұлттар арасындағы бейбітшілікті сақтау қажет. Өзге ұлт өкілдерімен ел азаматтарының татулығы бірінші орында тұруы тиіс.
Кирил Свобода, Чехия Республикасының бұрынғы премьер-министрі:
- Қазақстандықтар маған қонақжайлығымен қатты ұнайды. Әрі мұндағы халықтың өзге ұлт өкілдеріне деген құрметі ерекше. Мұның барлығы тәуелсіздіктің жемісі. Бейбіт елмен байланыс орнату біз үшін де үлкен мәртебе. Алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы саяси қарым-қатынас одан әрі нығая түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!