{metadescription}
Өскеменде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті
Өскеменде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Өскеменде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Қолға түскен күдіктілер Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облысының тұрғындары.

Еліміздің әр өңірінен жиналған жас жігіттер обылыс орталығында пәтер жалдап тұрған. Олар синтетикалық есірткіні әлеуметтік желі арқылы саудалапты. Сатып алушыға тауарды түн  мезгілінде жеткізіп беріп отырған. Оларды қолға түсіру үшін тәртіп сақшылары жарты ай бойы іздерін аңдыған. Алғаш болып арнайы жасақ ұстаған азамат есірткі тасымалдаушы. Осы уақытта топтың басқа мүшелерін ұстау операциясы да қатар жүрген екен. Жалпы қолға түскендерден 100 доза синтетикалық есірткі тәркіленді. Арнайы операцияда қылмыстық топтың 23-30 жас аралығындағы 8 мүшесі ұсталды. Күдіктілер қатарында әлі кәмелетке толмаған жеткіншек те бар.

Руслан Көшкіншінов, ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:

- Сот санкциясымен ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 296, 297-баптары бойынша сараланады. 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде