{metadescription}
Алматылық полицейлер тұрмысы нашар отбасыны тізімдеп жүр
Алматылық полицейлер тұрмысы нашар отбасыны тізімдеп жүр

Алматылық полицейлер тұрмысы нашар отбасыны тізімдеп жүр

Алматылық полицейлер тұрмысы нашар отбасыларды тізімдеп жатыр. Үй-үйді аралаған сақшылар бала тәртібіне салғырт қарап, отбасы құндылығын аяқ асты еткен ата-аналардың күнделікті тыныс-тіршілігін қадағалауға алмақ. 

Төрт күннің ішінде 25 отбасы полицияның назарына ілігіпті. Ата-аналардың бірі ішімдікке әуес болса, кейбірі бала тәрбиесін мүлде ұмытқан. Сондай келеңсіз жайттардың кесірінен көше қаңғырып мектепке баруды доғарған жеткіншектердің де қатары көбейіпті.

Мәселен, арнайы шара басталғалы түрлі құқықбұзушылыққа қатысты 400-ден астам бала полицияға жеткізілген. Оның ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған 19 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналысыпты.  Ал қала бойынша тәртібі мен тұрмысы тұралаған 608 отбасы бар екен.

Жанна Шонжанова, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

- Көбіне ата-аналар профилактикалық жұмыстардан кейін жақсы нәтиже көрсетіп өзгеріп жатады. Балаларының өзіне қымбат екенін сезініп жатады.  Кейбір ата-аналар дұрыс атқармайды, тәрбиесін, қылықтарын өзгертпейді. Ондай жағдайда ата-ана құқығынан айыруға немесе шектеуге мәжбүрміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде