{metadescription}
Бес жылда елімізден 200 мың адам шетелге қоныс аударған
Бес жылда елімізден 200 мың адам шетелге қоныс аударған

Бес жылда елімізден 200 мың адам шетелге қоныс аударған

Жұмыс іздеп сабылғандар елден кетіп жатыр. Сыртқы көші-қон деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда елімізден 200 мыңға тарта адам шетелге қоныс аударған. Тек елден көшу қарқыны пандемия кезінде сәл баяулаған.

Ресми дерек бойынша, биыл 22 мыңнан астам отандасымыз елден қоныс аударған. Бұлардың басым бөлігі техникалық, экономикалық, педагогикалық салалардың білікті мамандары.

Елден қанша отандасымыз шетелге көшіп жатса, Қазақстанға жұмыс іздеп келіп жатқан шетелдіктер саны одан 70 пайыз көп.

Мәселен, былтыр квота бойынша 14 мың шетелдік қызметке тартылып, барлығы 104 елдің азаматы ел аумағында еңбек еткен. Мамандық бөлінісінде ең сұранысқа ие – шетелдік инженерлер. Әсіресе Қытай, Түркия, Үндістаннан келушілер көп. Шетелдіктерді жұмысқа тарту жағынан мұнайлы өңір  – Атырау облысы көш бастап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде