Тараздағы жарылыста мерт болған Қапезовке мемориал-тақта ашылды
Жамбыл облысындағы жарылыстан ажал құшқан Арман Қапезовтың құрметіне мемориалды тақта ашылды. Ескерткіш марқұмның өзі қызмет еткен Оңтүстік өңірлік әскери прокуротурасының ғимаратына ілінді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.09.2021
- Прокуратура тарихында мұндай оқиға бірінші рет болып отыр. Арман Қуанышұлының полковник атағы бар. Қызметтегі жетістіктері үшін көптеген наградалармен марапатталған. 25 жылға жуық заңдылықты қадағалауда еңбек етті.
Салтанатты шарада артында өшпес із қалдырған Арман Қапезов туралы көптеген жақсы естеліктер айтылды. Мемориалды тақтаның ашылуына марқұмның туыстары мен алыс-жақыннан үзеңгілес достары көптеп келіпті. Естеріңізге салсақ,
Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры болған Арман Қапезов Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқан. Ол оқиға орнына ең алғаш барғандардың бірі. Жойқын жаралыстардан ол ауыр жарақат алып сол жерде көз жұмған. Қызметтік міндетін атқару кезінде ажал құшқан Арман Қапезов Президент жарлығымен І-дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.
Артында жары мен үш баласы қалды.
26-тамыз күні өңірдегі әскери қойманың бірінде жарылыс болып, 17 адам қаза тапқан. Із-түзсіз кеткен бір әскериден әлі күнге хабар жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!