{metadescription}
Су шықпайтын ұңғымаға 900 миллион бөлінген – Түркістан облысы
Су шықпайтын ұңғымаға 900 миллион бөлінген – Түркістан облысы

Су шықпайтын ұңғымаға 900 миллион бөлінген – Түркістан облысы

Түркістан облысында су шықпайтын ұңғымаға 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл ақша Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылын таза ауыз сумен қамтуға бөлінген екен.

Бірақ тұрғындармен кездескен шенеуніктердің өзі қыруар қаржыға  қазылып жатқан ұңғымада су жоқ екенін айтыпты. Ал, арықтан су ішіп отырған ауыл жұрты мұны естігенде мүлдем ашуға булықты. Өйткені бұл ауылда осыдан 10 жыл бұрын да бюджеттің 100 миллион теңгесіне ұңғыма қазылғанымен, бір тамшы су шықпаған. Шенеуніктердің ісін «көзбояушылық» дегендермен КТК тілшісі кездесті.

Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылы таза суға жарымай-ақ қойды. Биліктегілер осыдан он жыл бұрын бюджеттен 100 миллион бөліп, ауыл шетінен ұңғыма қаздырған. Бірақ ол кезде бір тамшы су шықпай, арты дауға ұласыпты. Енді ауылдың басқа бұрышын қазып су шығару үшін тағы 893 миллион теңге бөлініпті. Бірақ бұл жерде де су жоқ екенін кезекті жиналыста тұрғындардың көзінше шенеуніктердің бірі айтып қойған. Осыдан кейін судан үміттеніп жүрген елдің тағы салы суға кетті.

Гаухар Жораева, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны:

- Су шықпайтынын біле тұра, бәрібір осыны қаздырып отыр. Істетіп отыр. Берген ақшаны игереміз дейді. Бірақ бұл далаға шашқан ақша. Оны мойындап отыр.

- Ашық айтты ма?

- Иә, ашық.

Кім айтты оны?

Жұмабеков айтты. Ол»Нұр Отан» партиясының орынбасары.

Ал тұрғындар Өзбекстаннан арық арқылы ағатын суды тұтынады. Яғни ағын су малға да , адамға ортақ. Іші толған қоқыс. Бірақ амал жоқ. Су тасығыш көлікпен әкелетіндер де арықтың бас жағындағы тұнықтау жерінен тасиды дейді. Бірақ онысы қымбат. Сапасыз су ішкен соң ауылда ауру өршіп тұр екен.

Мөлдір Сатыбай, Алпамыс батыр ауылының тұрғыны:

- Арықтан мал да өледі, ит те өледі, құс та өледі. Енді істемеген нәрсесі жоқ. Таза емес. Балалардың денсаулығына зиян. Микробтар бар ішінде. Содан ішіп отырмыз. Мысалы, балдардың бәрінде ішек құрты бар.

Елдің ішкен суынан шенеуніктер де «дәм татсын» деп тұрғындар арық суын әкімдікке алып барған. Оларды ауыл әкімі күтіп алды. Сөйтті де, жұрт ұсынған ыдыстан бір жұтым жасады. 

- Біз де ауылда тұрғанбыз, иә ішеміз. (ішті) Мысалы, ол басынан тұнық келеді. Мына жерде әрнәрсе түскеннен кейін.

Арықтағы су қазір лай болғанымен, жалпы таза деп мақтай жөнелген ауыл әкімі 25 шақырым құбыр төселіп, жыл соңына дейін 6300 адам таза ауыз сумен қамтылады деп уәде берді. «Ұңғымада су жоқ» деген әңгімені жоққа шығарады.

Ерлан Әділханов, Алпамыс батыр ауылы округінің әкімі:

- Ол жерде бір 55-70 метр қазылып тұр. Қазір ол 100, мың, 850-ден мыңға дейін қазылады. Су шыққанша қазылады.

- Шықпаса ше?

- Шығады.

«Ұңғыманы су шыққанша қаза береміз» дегендер 893 миллион теңгенің жартысын бөліп қойыпты. Қалғаны жыл соңына дейін игеріледі. Ал жергілікті биліктің су қазғанынан үрейі ұшатын жұрт бұл жолы су шықпаса, ауыл атын Алпамыс емес, «Ұңғымалы» деп өзгертуді ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.