{metadescription}
COVID-19: Мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр
COVID-19: Мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр

COVID-19: Мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр

Елімізде коронавирустан 70 адам қайтыс болды. Қауіпті індетті жұқтырған мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр. Әйтсе де санитар дәрігерлер бірқатар аймақта COVID-тің тарауы сәл де болса тоқтағанын айтады.

Бүгін Шымкент қаласы «сары» аймаққа ойысты.

Ақтөбе облысында айналдырған бір аптаның ішінде қауіпті індеттен 34 адам көз жұмған. Жағдайы ауыр 92 науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Олардың оны өздігінен дем ала алмайды. Сондықтан аппаратқа қосылған. Мамандар аймақта вирустың тарауы тоқтамай тұрғанын айтады. Соңғы тәулікте 224 адам індет жұқтырыпты.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Күніне 2-4 науқас қайтыс болады. Соңғы аптада 34 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Адамдар бұрынғысынша ауруын асқындырып, демі біткенде ғана медициналық көмекке жүгінеді.

Ақтөбе облысымен «қызыл» аймақта қатар тұрған Атырауда бір күнде 98 адам ковид жұқтырған. Жергілікті билік тамызға қарағанда өлім-жітім азайды деп шүкіршілік етеді.

Бақытгүл Хаменова, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

- Аурушаңдықтың төмендеуіне байланысты 1-қыркүйектен бастап облыста инфекциялық төсек саны қысқартылып, өңірдегі жалпы инфекциялық төсек үш жарым мыңнан 2350-ге дейін төмендеп отыр. Осыдан бір ай бұрын 1818 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын. Көрсеткішке қарасақ, науқас саны үш жарым есеге төмендеп отыр. 

Қарағандының эпидемиялогиялық жағдайы бұрыннан ушығып тұр. Бұл жақта күніне вирус жұқтырғандар саны 400 адамнан кем болған емес. Бір қуантарлығы, дерті дендегендер азайған. Сондықтан бес инфекциялық аурухана жабылды. Ал елді вакцина алуға көптеп тарту үшін барымызды салып жатырмыз дейді мамандар. Енді Америкадан екпе келсе, оған да жұрт қызығады деп үміттінеді.

Гамаль Тоқсанбаев, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы:

- Қазақстан өкіметі АҚШ-тың Pfizer вакцинасын жеткізуге келіссөз жүргізіп жатыр. Ол вакцинаны 80 градустық суықта сақтау керек. Қазіргі күні  «АрселорМиттал Казақстан» компаниясы осы вакцинаны сақтау үшін арнайы тоңазтқыш сатып алып беруге келісім берді.

«Қауіпті індеттің тарауын тоқтатудың бірден-бір амалы – әзірге вакцина» - деп отыр мамандар. Осы екпенің екі компанентін елде 6 миллион адам алған. Ал эпидемиялогиялық ахуалдың кестесіне қарасақ, бүгін Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және сегіз облыс «қызыл» аймақта қалып отыр. Тек Түркістан облысы ғана «жасылда».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде